Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Өкіл имамның кезекті уағызы   

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі 26.03.2018 3102 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Өкіл имамның кезекті уағызы   

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков Түпқараған аудандық мешітке арнайы барып, шам намазына имамдыққа шығып, намаздан кейін жамағатқа «Пенденің ақысы» тақырыбында уағыз айтты. Аудан орталығы шағын, небәрі оң мындай ғана тұрғыны бар аудан орталығы Форт Шевченко қаласы.

«Біздердің аса мән бере бермейтін әрекетіміздің бірі әрі тәубесі жоқ күнә пенде ақысы. Пенде қандайда бір күнә істеп артынан өкініп, жасаған күнәсі үшін тәубе ететін болса, Алла оның күнәсін кешеді. Тек бір ғана күнә тәубе етсе де кешірілмейді, адам шейіт болса да, қажылыққа барса да кешірілмейтін күнә – пенде ақысы. Оның кешірімі тек сол адамнан ғана кешірім сұрау. Пенде ақысына не жатады десек, біреуді ғайбаттау, өсектеу, затын ұрлау, затын рұқсатсыз пайдалану, қарыз алып қайтармау, себепсіз ұру секілді амалдар жатады»,- деді өкіл имам.

 Міне, осы тақырыпты кеңінен түсіндіріп, аят-адис аясында, сахабалардың өмірі жайынан мысалдар беріп, уағызды тұшымды етіп айтты.  Мешіт жамағаттары өкіл имамға алғыстарын білдіріп, үнемі келіп тұруын өтінді.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру