Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО: Наиб мүфти ОҚО Орталық мешітінде уағыз айтты

ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі 25.03.2018 2888 0 пікір
ОҚО: Наиб мүфти ОҚО Орталық мешітінде уағыз айтты

ОҚО орталық мешітінде қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы «Ислам дінінің кемелдігі» тақырыбында уағыз айтты.

Төрт мыңға жуық жиналған қауымға исламның кемелдігін, оның ещқандай нұқсансыз, өзгеріссіз біздің заманымызға жеткендігін және де Қиямет қайымға дейін өзгермейтінді жайлы жөнінде уағыз жүргізді. Ардақты пайғамбарымыз мұсылмандарға ғана емес бүкіл адам баласына жіберілген елші екені және әлемге Алланың рахым нұры болған пайғамбары болғанын жеткізді.

Намаз соңында қасиетті Құран оқылып бүкіл жамағат қол жайып еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын, келе жатқан қасиетті Рамазан айына аман-есен жетуімізге нәсіп етсін деп дұға етті.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру