Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«НАУАН ХАЗІРЕТ» МЕШІТІ ДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО)

24.03.2018 3888 0 пікір
«НАУАН ХАЗІРЕТ» МЕШІТІ ДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО)

Ақмола облысындағы барлық мешіттерде Наурыз мерекесі аталып өтілді. Аудан, ауыл мешіттері бұл күні жамағатқа наурыз көжеден дәм татқызды. Ал, Көкшетаудағы «Науан Хазірет» мешітінде көктем мерекесі екі күн қатарынан тойланды. 22-ші және 23-ші наурыз күндері құран оқытуға келген халықпен, бесін және жұма намазына келген намазхандар мерекелік астан ауыз тиді.

Сондай-ақ, ақсақалдарға да мерекелік дастархан жайылып, мешіт ұжымы үлкендердің ақ батасын алды

22 наурыз күні неке қидырған жас жұбайларға айырықша сый тарту етілді. Бұл күні мешіт ұжымы жаңадан шаңырақ көтеріп отырған 7 отбасыға қабырға сағаттарын сыйға тартты. Оның өз себебі бар. Өйткені, әр адам уақыттың қадірін білуі тиіс. Сыйлықта әр жұптың аты-жөні жазылған. Жұптардың некесін қиған имамдар, жастарға неке жайлы уағыз айтып, уақыттың қадірі туралы Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен насихат айтты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру