Әз Наурыздың таң шапағымен таласа Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ауласына тігілген ақ боз үйлердің маңына жиналған жұрттың қарасы мол болды. Өскемен қалалық мешіттері бірлесіп тіккен ақшаңқан киіз үйлерде сүрінің исі аңқыған, жеті дәннен құралған Наурыз көже үлестірілді. Ақсақал қариялар елімізге тыныштық пен берекет, игілік тілеп, бата берді.
Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова бастаған топ мешіт ауласына тігілген киіз үйде Наурыз көжеден дәм татты. Ә.Нүсіпова өкілдіктің осынау ұлттық мерекеге ерекше ат салысып жатқандығына ықылас білдірді. Өкілдіктің шақыруымен арнайы келген Тәттімбет Кәпұлы бастаған құсбегілер халыққа қырандарын тамашалатып, арнайы бағдарлама көрсетті. Арқан тарту, қол күресі қатарлы сайыстар жүріліп, жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынылды. Өкілдіктің тіккен ақ ордасы сән салтанаты жағынан ерекше безендірілген деп бағаланып, әкімдіктен сыйлыққа ие болды.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы өкілдіктен Наурыз мейрамында атқарылып жатқан шаралар жайлы жергілікті басылымға сұхбат берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
24.03.2018
3551
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру