Наурыз - дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, қамқорлық пен мейірімділіктің мерекесі болып келген. Бір дастарқан басында барша тума-туыс жиналып, наурыз көжеден дәм татып, бір-біріне қуаныш сыйлау арқылы туыстық қатынасты күшейту - мерекенің басты мақсаты.
Алайда, мерекелік дастарқан жайып, қонақ күтпек тұрмақ, күнделікті ішер асын жеткізе алмай жүрген мұқтаж отбасылар қаншама. Наурыз мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен, облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Қайырымдылық шарасында көмек алғандар мереке қарсаныңда әлеуметтік жағдайларын ескеріп, көмек көрсеткендері үшін өкіл имамға алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
24.03.2018
3066
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру