Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ (ФОТО)

www.muftyat.kz 24.03.2018 4319 0 пікір
АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкілдігі жамағат пен қала тұрғындарына Наурыз мейрамына орай мерекелік шара өткізді. Мешіттің ауласында  киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатқан Наурыз мейрамын Алматы орталық мешітіде де дүбірлетіп өткізді.

Жиналған қауымды мерекесімен құттықтауға ҚМДБ қызметкерлері мен мешіттің ақсақалдары, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқай, Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Айдар Есенбеков келді.  Ұлттық ойындардан ұйымдастырылған жарыс пен өнер адамдары мерекелік шараның сәнін келтірді. Мерекелік дастархан жайылып, балаларға арналған ойын алаңдары жасалып, бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтерді.

«Наурыз – қазақ елінің мерейлі мерекесі. Мұсылмандықты бекем ұстанған қазақ халқы бұл күнді ерекше дайындықпен қарсы алған. Ақсақалды қариялар, ақ самайлы әже-апалар ақ дастархан жайып, қонақ күтіп, бата береді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деген игі тілектерін айтады. Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі», деді жиналған қауымға бас имам Еркінбек Шоқай.

Ұлыстың ұлы күні Алматы қаласының басқа мешіттерінде де мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Таугүл-3» мешіті жиылған жамағатқа дәмі тіл үйірер наурыз көже таратылып, спорттық ойын түрлерінен жарыстар өтті. Мешіттің әйел жамағаты да әз Наурыз мейрамын тойлауға атсалысып, арнайы дастархан жайып, келген қонақтардың көңілін көтерді. Шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай қатысып, жиналған қауымға игі тілегін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру