Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз мерекесін атыраулық мешіт жамағаттары бүгін салтанатты жағдайда атап өтті. Мереке құрметіне Атырау қаласындағы мешіттер бірігіп, орталық «Иманғали» мешіті ауласына бес киіз үй құрды. Ақшаңқан үйлерде мерекелік дастархан жайылып, абыз ақсақалдар, ақ жаулықты әжелерден бастап, үлкен-кіші толықтай бас қосқан мерекелік шарада жиналғандарды Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров арнайы құттықтады.
Этнограф ғалымдар кемінде бес мың жылдық тарихы бар деп саралаған Наурыз мерекесімен жамағатты құттықтаған өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы Ұлыстың Ұлы күнінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. «Күллі шығыс халықтарына тән Наурыз мерекесінде күн мен түн теңеліп, табиғат ғажайып бір күй кешеді. Жер Ананың тоңы жібіп, қоршаған орта толықтай жаңарады. Бұл жағынан алғанда Наурыз – ғарышпен астасқан мереке. Сонымен бірге, Наурыз адам мен адамды бауырластырады, ескі өкпе - ренішті ұмыттырып, ағайынды бір-бірімен жақындастырады. Яғни, қашанда Наурыз адамзатты ынтымаққа бастайды. Бұл элемент ислам дінінің негізгі мақсатымен сәйкес келеді» деген өкіл имам Батыржан Мансұров ұлттық құндылықтар, дін мен дәстүр жөнінде айтып өтті.
Мерекелік шара түрлі спорттық жарыстарға ұласты. Мешіттің ерлер жамағаты арқан тартыс, қазақша күрес, кір тасын көтеру, қол күрес түрлері бойынша өзара бәсекеге түсті. Қазақша күрес бойынша Б. Қасым, Ж. Сұлтанов және З. Касимов үздік деп танылды. Қол күрес спорттық жарысында М. Абуталиев бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды А. Тәуекелов пен Д. Маминов өзара бөлісті. Кір тасын көтеруде М. Есмағамбетов топ жарып, Қ. Сүйінқұлов екінші орынға, А. Айтуғанов үшінші орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздарға қой малы сыйға тартылды. Арқан тартыс жарысы бойынша, Рысқұлов, Абуталиев және Кулмашев командалары оқ бойы озық көрінді.
Және бір айта кетерлігі, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қыз ұзату, сыңсу дәстүрі көпшілікке көрсетіліп, енді бір киіз үйде кішкене нәрестеге азан шақырылып, ат қойылып, бесікке салу рәсімі дәріптелді. Сондай ақ, абыз ақсақалдар арасында бата жарысы өтті.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)

.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.
23.03.2018
3211
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру