Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Сәлемнің де сәті бар (ФОТО)

Маңғыстау облстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 22.03.2018 3528 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Сәлемнің де сәті бар (ФОТО)

Облыстың өкіл имамы Смайыл қажы Сейтбековтың бастамасымен жергілікті БАҚ өкілдері ақ дастархан басында бас қосты. Маңғыстау телеарнасы, Облыстық ІІД министрлігінің баспасөз қызметі, «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі тағыда басқа бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арнайы шақыртылып оларға құрмет көрсетілді.

Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат «Ислам және отбасы» жылы аясында өңірдегі атқарылатын бірқатар бастамаларды нақтылай отырып, игі шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысу болатын. Аталмыш тақырып аясында журналистер өз ойларымен бөлісіп, кезек күттірмейтін тақырыптардың бірі отбасы құндылығын насихаттау екендігіне тоқталды.

Қонақтар қашанда игі шаралардың басында жүретін мешіт имамдарына алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру