Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі Асқар Әбітайұлы Астана қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есинмен кездесті.
Бас имам Данияр Нұрашұлын ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа қызметінде табыстар тіледі. Сонымен қатар, асыл дініміздің абыройын асқақтатып, мемлекетіміздің мерейін арттырған халықаралық Еуразия мұсылман ғұламалар форумын ұымдастыруға белсенді үлес қосқаны үшін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан алғыс хат ұсынды. Кездесу барысында қаладағы мешіттердің осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен алдағы уақытқа жоспарлары жөнінде сөз қозғалды. Бас имам қоғамдағы тәртіп пен жүйенің бірқалыпты дамуында діннің алар орны орасан зор екенін айта келе алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасау барысын ақылдасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ummet.kz
22.03.2018
3316
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру