Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлыс күні қарсаңында сәбилерге азан шақырылып, ат қойылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 21.03.2018 3400 0 пікір
Ұлыс күні қарсаңында сәбилерге азан шақырылып, ат қойылды

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің қызметкерлері Аналар үйінде болып, жас аналарды Наурыз мерекесімен құттықтап қайтты.

Мешіт ұстазы Кенжегүл Қошқарова мешіттің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының атынан 18 кг азық-түлік пен арнайы балаларға әкелінген киімдерді табыстады. Соның ішінде, 2 комбинезон, жөргектер, т.б. 10 кг киім-кешек берілді.

Меймандарға мерекелік дастархан жайып, ілтипат көрсеткен Аналар үйінің меңгерушісі Лакова Таңсұлу баршасына наурыз көжеден дәм таттырды. Аналар үйін назардан тыс қалдырмай, көмек-қолдау көрсетіп отыратын өкіл имам бастаған мешіт ұжымына ерекше алғысын білдіріп, рахметін айтты. Дәм басында жақсы тілектер жолданып, жуырда ғана дүние есігін ашқан сәбилерге есен-саулық тіленіп, олардың кемел келешектері үшін дұға етілді. Мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов бес сәбидің құлағына азан шақырып, балалардың есімдері қойылды. 

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.341

 

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.331

 

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.301

 

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.30

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.32

 

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.31

 

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.12

 

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.10

 

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.18

 

WhatsApp Image 2018 03 20 at 17.30.29

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру