Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар имамдарының алқалы жиыны (ФОТО)

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 21.03.2018 3198 0 пікір
Павлодар имамдарының алқалы жиыны (ФОТО)

ҚМДБ-ның  Павлодар облысы өкілдігі имамдарының кезекті жиналысы 21 наурыз күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде болып өтті. Жиналысқа барлық қала, аудан имамдары толығымен қатысып,  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы жүргізіп отырды.

Әуелге кезекте Павлодар облысы  Дін істері басқармасының басшысы Дәулет Закарьянов қазіргі таңда ел парламентінде талқыланып жатқан дін туралы жаңа заңның талқылану барысы,  оған қатысты кейбір мәселелер туралы кең көлемде мәліметтер айтып, имамдардан қойылған сұраққа жауап берді.

Келесі кезекте өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қала, аудан имамдарына ағымдармен күрес, «Ислам және отбасы» жылында жүргізілетін уағыз-насихаттар мен іс-шаралар, түзету мекемесімен жұмыс, намаздардың тұрақтылығы және онда жоспар бойынша айтылатын уағыздар, Ислам институтының 2 айлық курсіне баратын ауыл имамдары,  су тасқынына ұрынған Аягөздіктерге жасалатын қайырымдылық керуені, Алматыда өтетін Республикалық Құран жарысына дайындалу, апталық есепті уақытында жіберу, мешіт құжаттарын реттеу, қажылық парызын өтеушілердің дайындау, алдағы Рамазан айына дайындық қатарлы көптеген мәселелерді ортаға салып талқылады, біраз имамдарға осы мәселелерге қатысты арнай тапсырмалар жүктеді.

Өз кезегінде қала, аудан имамдары да тиісті  сұрақтар мен мәселелерін ортаға салды.

Қасиетті дінімізді кеңінен насихаттау, дамыту, жамағаттың діни сауатын арттырып, мешіт әдебі, дәстүрлі дініміздің құндылықтарына баса назар аудару бағытында ортаға салынған  келелі пікрілер арқылы кейбір мәселелелер шешімін тауып, алдағы кезек күтіп тұрған қауырт іс-шараларға береке-бірлікпен жұдырықтай жұмылып кірісуге пәтуаласқан имамдар жиыны, жасы үлкендерінің алқалы батасымен байыды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру