Күні кеше Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев Алматы облысындағы Үшқоңыр медресе колледжінің басшылығымен, ұлағатты ұстаздарымен, діни білім алып жатқан шәкірттермен кездесті. Наиб мүфти ең алдымен Шамалған ауылындағы ер балалар бөліміне аттың басын бұрды. Арнайы зияратпен келген наиб мүфтиді облыстық мешіттің бас имамы, Алматы аймағының өкілі Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы мен Үшқоңыр медресе колледжінің директоры Абзал Майлыбайұлы қарсы алды.
Наиб мүфти аталған медресе колледждің оқу базасымен, кітап қорымен әрі шәкірттерімен сұхбаттаса отырып, шәкірттер мен ұстаздардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Ер балалар бөлімінен шыққан соң Шамалған ауылында жаңадан ашылған ҚР Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени мүзейіне кіріп шықты. Ал Қарғалы ауылында орналасқан қыздар бөлімінде наиб мүфти ұстаздар мен шәкірттерге ислам дініндегі әйелдің, қыз баланың рөлі жоғары екенін айта отырып биылғы жылды ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Ислам және отбасы» жылы деп бекіткенін жариялады. Наиб мүфти:
Сол мақсатта ұстаздарды «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне PhD доктарантураға, магистратураға түсуге шақырды. Ары қарай Үшқоңыр медресе колледждің тыныс тіршілігімен жан-жақты танысып, колледжге жоғары баға берді. Осындай жауапты да, сауапты жолда еңбек етіп жатқан ұстаздар мен шәкірттерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
20.03.2018
4073
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру