Наурыз айының он бірі күні Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудынының орталығы Аягөз қаласын кесіп өтіп жатқан өзеннің суы арнасынан тасып, алапат екпінмен көше бойындағы біраз үйлерді қоражайымен қоса ағызып кетіп, тұрғындарға біраз ауыртпалық әкелген еді. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз xазреттің тапсырмасына сәйкес, осы игі бастамадан Жетісу жұртшылығы да тыс қалмай күні кеше ғана, яғни он сегізінші наурыз күні Талдықорғанның төрінен Аягөз қаласына «Жетісудың жәрдемі» атымен қайырымдылық керуенін жөнелткен еді.
Айта кетейік, Жетісудан шыққан керуен сапарына ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі, орталық Иман мешітінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы ұйытқы болып, имамдар жұдырықтай жұмылып, облыс орталығы маңындағы Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарымен шығыс күре жолының бойында орналасақан Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының тұрғындары мен мешіт жамағаттары және атымтай жомарт азаматтар үлес қосқан болатын.
Апат айтып келмейді. Осыдан жеті жыл бұрын дәл осы он бірінші наурызда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында су тасқыны орын алып, бір ауыл топан судың астында қалған. Сол кезде осы Аягөз жерінің халқы да үлкен қолдау көрсеткендігін айта кетпеуге болмас.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
20.03.2018
3736
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру