Кеше ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Әбітайұлы Асқар «Әлжан ана» мешітіндегі Ережеп айының құрметіне ұйымдастырылған ауызашарға қатысты.
«Ережеп – Алланың айы, Шағбан айы – менің айым, ал Рамазан – үмбетімнің айы» деп хадисте айтылғандай, қасиетті үш айлар мұсылман қауымын күнделікті күйбең тірліктен бір ауық бой жазып, рухани құндылықтарын саралап, көзден өткізіп, ақыретіне мол азық жинауға үлкен мүмкіндік,» - деді Өкіл имам.
Сондай-ақ, ауызашар үстінде келген жамағатпен тілдесіп, Ережеп айының қадір-қасиеті мен осы айда жасалатын құлшылықтардың маңыздылығы жайында уағыз айтылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
20.03.2018
3314
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру