Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Рудный және Қашар кенті жамағаттары арасында «Қазақша күрес» бойынша жарыс өтті. Аталмыш жарыста палуандар үш түрлі келі салмақ бойынша күш сынасты.
«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, жастарымыздың спортқа деген ынтасы мен ықыласы артып келе жатқандығын осы жарыс айқын байқатты. Өйткені, қатысушылар оған жақсы дайындықпен келгендерін көрсете білді.
Сайыс нәтижесі бойынша ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет пен Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Азамат Серікбайұлы өздерін жан-жақты көрсеткен спортшыларға алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындырып, тек жеңістерге жете берулеріне тілектестіктерін білдірді. Сонымен қатар, жүлдеге ие болған қатысушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
20.03.2018
4605
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру