Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аналар – ізгіліктің ұйытқысы

  ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 20.03.2018 3305 0 пікір
Аналар – ізгіліктің ұйытқысы

Жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Ислам және отбасы» жылы аясында мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатының дөңгелек үстелі өтті. 

«Ислам мәдениетіндегі әйелдің мәртебесі» тақырыбында басталған жиынды бас имам Азамат Серікбайұлы ашып, Ислам дініндегі әйел мәртебесі жайында сөз қозғады. Дөңгелек үстелген арнайы келген Қостанай әйел-қыздар секторының өкілі Гүлдана Жаңабайқызы аса маңызды тақырыпты одан әрі жалғастырды.  Исламдағы әйелдің отбасында алатын орнын қатысушыларға өзіндік ойлы-пікірімен жеткізді.

Сонымен қатар, ел арасында абыройлы ақ жаулықты аналарымыздың ақ батасын алды.

Отбасы – қоғамның негізі. Ендеше тәуелсіз еліміз бұдан да өркендеп, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін әрбір шаңырақ бақытты ғұмыр кеше берсін деген ізгі тілектеміз.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру