Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Медреседе өткен игі шара

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 20.03.2018 2906 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Медреседе өткен игі шара

Маңғыстау облыстық орталық мешіті жанындағы медреседе тәрбиеленіп жатқан шәкірттерге имандылық сабақтарымен қатар, тәрбиелік мәні бар игі шаралар ұйымдастырып келеді.

Медресе шәкірттері арасында «Оқу - білім бұлағы» атты білім сайысы  болып өтті. Фиқһ саласы бойынша жазылған «Ислам ғылымхалы» кітабын толық оқып шыққан шәкірттер сынға түсті. Шараға медресе ұстаздары мен қатар Облыстық орталық мешіттің наиб имамы Тілегенов Ағарыс қатысты. Ұстаздар қойған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, сыннан сүрінбей өткен шәкірттер марапатталып, арнайы сыйлықтар үлестірілді. Жарысқа ата-аналар да қатысып, балалардың көркем мінезі мен алып жатқан білімдеріне тәнті болды.

Шара соңында балаларға патриоттық мәні бар мультфильмдер көрсетіліп, арнайы әзірленген дартарханнан дәм татты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру