Бүгін Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы болды. VI Съезд 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада өтеді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат төрағасы кіріспе сөзінде алдағы Съездің өтетін уақыты оның 15 жылдығымен тұспа-тұс келетінін атап өтті.
Съезд Хатшылығының басшысы дінаралық үнқатысуға қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын беруге және Съездің Құрметті медалімен марапаттауға, сондай-ақ Бейбітшілік және келісім мұражайының ашылуына байланысты мәселелерді мұқият пысықтауға шақырды. Сенат Аппаратының басшысы, Мемлекеттік комиссияның хатшысы Серік Сыдықов басқаратын Съездің Ұйымдастыру комитеті әзірлік жұмыстарын үйлестіретін болады. Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев VI Съезге әзірлік жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы сөз сөйледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
20.03.2018
3037
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру