2018 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының Алматы облыстық 11-ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл конференцияға әр өңірден бес жүздей студент қатысты. Әділқазылардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жетекшілер сертификат және алғыс хаттармен марапатталды, Үшқоңыр медресе колледжі Исламтану мамандығының студентері де бұл додадан құрқол қайтқан жоқ.
Теология секциясы бойынша Нағибат Таурат «Ханифа мазһабындағы әдеп-ғұрыпты шариғатпен қарастыру» тақырыбы бойынша (ғылыми жетекшісі А. Амиров) - I дәрежелі дипломмен;
Зульфикар Дархан «Хадис пен ғылым сабақтастығының маңыздылығы мен міндеті» (ғылыми жетекшісі Хуат Хайрат) - III дәрежелі дипломмен,
Нұртай Нүрәл, Ерғары Исмайл, Мамутов Ұлан, Абдулла Бағжандар алғыс хатпен марапатталды.
Қыздар бөлімінде: этнопедагогика секциясы бойынша Нұрымова Камила «Латын әліпбиіне оралудың ұтымды тұстары» тақырыбы бойынша (ғылыми жетекшісі К.Е Мырзабаева);
теология секциясы бойынша Жолдасқан Әзиза «Қас күтімі- қыз баланың қорғаны» (ғылыми жетекшісі Г.Мәден) I дәрежелі дипломмен;
теология секциясы бойынша Мырзалина Айша «Уақыптардың қоғамдағы орны» тақырыбы бойынша (ғылыми жетекшісі Г.А.Қадырова),
Масақбасева Сабира «Жаратқан сыйға тартқан орамал» тақырыбы бойынша (ғылыми жетекшісі Л.Т. Жунисова) II дәрежелі дипломмен;
ал Жолдасхан Хадиша, Жылкелді Акниет, Мухит Меруерт, Абдуғулова Қымбат, Жанузакова Ләззат, Жалғас Салтанат, Жунис Гулдана, Ізмұқан Анельдер алғыс хатпен марапатталды.
Астана қаласында өтетін Республикалық конференцияға Нағибат Таурат, Нұрымова Камила, Жолдасқан Әзиза жолдама алды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Колледж директоры А.Амиров
20.03.2018
3736
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру