Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дәстүрім – мол қазынам!

Нұрлан Саматұлы 19.03.2018 3187 0 пікір
Дәстүрім – мол қазынам!

ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігінің әйел-қыздар секторы мен мешіт жанынан құрылған «Әжелер мектебі» биылғы Наурыз мерекесі қарсаңында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жолдауы аясында әрі ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы жылы» деп жариялауына орай ауқымды дәстүрлі шара өткізді.

Әжелер мектебінің ғылыми жетекшісі, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Гүлжәмила Ермағамбетқызы Ұлыс күні және Ережеп айының келуімен құттықтап, дәстүр мен дін сабақтастығы жайлы алғысөзін айтты.

ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов шараға атсалысқан жандарға алғысы мен тілегін білдірді. Шара барысында ұлттық салт-дәстүріміз, қол өнеріміз кеңінен насихатталды. Тағылымы мен маңызы зор игі шара соңында дастарханнан дәм татылып, ақ жаулықты аналарымыз ақ батасын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру