Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам медресе шәкірттерімен кездесті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 19.03.2018 3038 0 пікір
Өкіл имам медресе шәкірттерімен кездесті

Облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Павлодарский аулындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде шәкірттермен кездесті. Кездесу барысында өкіл имам әр шәкірттің қай облыстан келгені, қай курста оқитыны, оқу үлгерімімен жіті танысып, оларға ақыл-кеңестер берді. Сонымен қатар, исламдағы білімнің артықшылығы, шәкірттердің алдағы мақсат мүддесі туралы сөз қозғады. Жуырда медресе шәкірттері арасында өткен Республикалық  конурста жүлделі орындар иеленіп, оқу орнының абыройын көтерген  аталмыш медресе шәкірттеріне алғыс білдірді.

Келесі кезекте өкіл имам медресе шаруашылығы, шәкірттердің жатақханасы, ас-суы, оқу орны және ойын алаңы секілді басқа да жағдайларымен танысып, медресе директорына тиісті нұсқаулар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру