Дәл қазіргі уақытта Нұр-Мүбарак университетінің бірнеше дайындық курстарында шәкірттерге қызу дәрістер өтуде. Соның бірі Алматы облысы, Талғар қаласындағы ұлдар және қыздарға арналған орталыққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев арнайы ат басын тіреді.
Дайындық курстарындағы сыныптармен, асхана, жатын орындары, жалпы дайындық курстың тыныс-тіршілігімен танысты. Ұстаздармен тілдесіп, шәкірттермен сұхбаттасты. Кездесу аясында ілімге құштарлық, ізгі ниеттің маңызы, сабырлық жайында әсерлі уағыз-насихат айтты. Шәкірттердің сұрақтарына жауап беріп, жылы лебізін білдірді.
Талғар қаласындағы ер балаларға арналған Дайындық курсында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 80-дей шәкірт білім алуда. Ал қыз балалар орталығында 35 шәкірт бар. Барлығы ақида, фиқһ, хадис, араб тілі грамматикасы, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі, Абайдың қара сөздері бойынша білім алып, университетке түсу үшін дайындық жасауда. Енді жақында Ұлттық бірыңғай тестілеу емтиханына қажетті пәндер қосылмақ.
Осындай жауапты да, сауапты жолдағы шәкірттерге наиб мүфти сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
19.03.2018
3804
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру