Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: мейірімділік – мұсылманның сипаты

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 19.03.2018 3117 0 пікір
Ақтөбе: мейірімділік – мұсылманның сипаты

Өткен жылғы Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен жанұялар облыс әкімдігінің көмек-қолдауының арқасында жер беріліп, жаңадан баспана тұрғызып алды. Соның бірқатары Қурайлы елді мекенінде қоныстанған болатын.

Өткен сенбіде өкіл имам Төлеби Оспан бастаған «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің қайырымдылық ісіне жауапты қызметкерлері Қурайлы ауылдық округінде болды. Олар мұндағы тасқыннан зардап шеккен жанұялармен қайта қауышып, қазақы салт бойынша көрісіп, хал-жағдайларын біліп қайтты. Бұл Ақтөбе өкілдігінің «Ислам және отбасы» жылы аясында ұйымдастырған кезекті қайырымдылық шарасы.

Шара Елек орта мектебінде өтті. Оған 35 отбасы, 50-ден аса балалар қатысты. Өкіл имам Төлеби Оспан баршасын келе жатқан Ұлыс мерекесімен құттықтап, барлық отбасыға бас амандығын, байлық пен береке, бірлік тіледі. Мешіттің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының атынан отбасыларға 180 келіге жуық жаңа киім-кешектер, кілемдер мен төсеніштер берілді. Соның ішінде, ер мен әйелдің және балаларға арналған қыстық, күздік жылы күртешелер, бас киімдер, аяқ киімдер, жейделер мен жемпірлер, мектеп формалары, т.б. бар.

Мұқтаждың мүлкін толықтырып, қайырымдылық көмек көрсеткен мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру