Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен биылғы жыл «Ислам және отбасы» жылы болып белгіленді. Игі бастамаға үн қосу мақсатында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы «Миғраж» мешіті әлуметтік аз қамтылған отбасы мен көп балалы отбасындағы 70 балаға керемет қуаныш сыйлады.
«Бала бақыты – қоғам бақыты» тақырыбы аясында бүлдіршіндерге арнайы бағдарлама әзірленген болатын. Балалар «Ақтау» сауда орталығындағы балаларға арналған ойын-сауық орталығында болып, «Kinoplexx Aktau» кинотеатрында мультфильм көрсетілді. Сонымен қатар, «Кереге» кафесінде арнайы дайындалған десерттерден және басқа да тағамдар мен сусындардан тұратын түскі ас балалардың көңілінен шықты. Шараның соңына қарай балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
19.03.2018
3318
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру