Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық мешітте сенбілік өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі 19.03.2018 3598 0 пікір
Облыстық мешітте сенбілік өтті

Көктем мезгілі келгенде әдеттегідей айналаның тазалығы, арық көздерін ашу, ағаш отырғызу, ағаштарды бұтап, түбін әктеу үрдіске айналған. Осындай игі шара 17 наурыз сенбі күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінде ұйымдастырылды. Сенбілікті өкіл имам С.Сейтбековтың өзі бастап мешіт ұжымы, жамағаттар мен ақсақалдар қатысты. Мешіт ауласындағы жеміс ағаштарын бұтап, түптерін қопсытып, тыңайтқыштар төгіп, ағаштар отырғызылды.

Мешіт ауласы үлкен болғандықтан, көбінесе жеміс ағаштары егілу жоспарлануда. Себебі, жеміс ағашын еккен адам үшін жемістің өнімінен кім пайдаланса, тіпті құс жесе де сауабы тиетіні хадисте айтылған.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру