ҚМДБ ОҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен ОҚО орталық мешітінде «Құран Кәрімді» жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VII Республикалық байқауға іріктеу үшін облыстық Құран жарысы өткізілді. Жарыс 4 номинация бойынша жүргізілді, атап айтқанда: 30 пара толық, 20 пара, 10 пара және мәнерлеп оқу. Байқауға Шымкент қаласы, ОҚО-ның 14 ауданынан және «Сарыағаш», «Шымкент» медреселерінен, «Ықылас» қариларды дайындау орталығынан, 125 жас шәкірт қатысты. Алланың кәләмі болған қасиетті Құран Кәрім аяттарын мәнерлеп жатқа оқудан өткен жарыста он екі қари ұстаздар төрағалық етті.
Байқауды ашып берген ОҚО өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев:
Жалпы бұл дода өте жоғары деңгейде өтіп, 125 шәкірттің ішінен 4 номинация бойынша он екі шәкірт бәйгені еншілеріне байлады.
Қорыта келгенде:
30-пара жеңімпаздары
1-орын. Мұстафа Бакуллаев Абылқасымұлы, Бәйдібек ауданы.
2-орын. Құрбаналиев Даулет, Бәйдібек ауданы.
3-Орын. Шавкатбеков Хамидулла, Түркістан қаласы.
20- Пара жеңімпаздары
1-орын. Абдазимов Ниматулла, Түркістан қаласы.
2- орын. Мақан Айдын, Сарыағаш медресесі.
3-орын. Мақанов Орынбасар, Шардара ауданы.
10-пара жеңімпаздары
1-орын. Игілік Исламнұр, Түркістан қаласы.
2-орын. Қошқаров Мұстафа, Түркістан қаласы.
3-орын. Расулов Гуламжан, Шымкент.
Мәнерлеп оқу жеңімпаздары
1-орын. Мұхаммеджанов Абдулхаким, Шымкент қаласы.
2-орын. Ишигов Хабибулла, Шымкент медресе колледжі.
3-орын. Қурбаналиев Ибрахим, Байдібек ауданы.
Қалған шәкірттерге қатысқаны үшін сертификат беріліп, ақшалай сыйақы табыс етілді. Жарыс соңында барлық шәкірттер мен қазылық еткен ұстаздарға дастархан жайылып, ас берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі
19.03.2018
3885
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру