Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ОҚО, Ордабасы ауданы бас мешіті жанынан құрылған «Ақылдастар алқасының» кеңейтілген мәжілісі өтті.
Оны аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков ашып, жүргізді. ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев,Облыстық дін істері басқармасының басшысы С.Сапарбаев, қоғам қайраткері Ш.Мырзахметов өз сөздерінде «Ақылдастар алқасының» кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың облыс халқына арнаған Үндеуін нақты жүзеге асыру, халқымыздың салт-дәстүрлері мен діни рәсімдердің үйлесімділікте қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Зейнеткер Қ.Әріпбаев, аудандық мешіттің бас имамы Б.Әшірбай да қазіргі таңдағы көкейтесті мәселе турасындағы ойларын айтты.
Мәжіліс қорытындысында Б.Әшірбайдың ұсынысымен «Ордабасы оттары» газеті» ЖШС-інің директоры бас редактор, аудандық мәслихаттың депутаты Ғ.Зиябек ауданның бас мешіті жанынан құрылған «Ақылдастар алқасының» төрағасы болып бірауыздан сайланды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ордабасы ауданының орталық мешітінің баспасөз қызметі
17.03.2018
3574
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру