Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти "Науан хазірет" мешітінде жұма уағызын жүргізді (ФОТО)

nasihat.kz 17.03.2018 3388 0 пікір
Наиб мүфти "Науан хазірет" мешітінде жұма уағызын жүргізді (ФОТО)

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан Көкшетау қаласындағы осы заманғы сәулет өнерімен салынған Науан хазірет мешітінде болып, өкілдіктің жұмысымен танысты. Қасиетті жұма күні жамағатқа уағыз айтты.

«Әр елдің өз әдет-ғұрпы бар, оның озығы да бар, тозығы бар. Жақсысын алуымыз керек. Ал, жаманынан қоғам боп арылуымыз қажет» деп бастады ол «Әдет-ғұрыптың исламдағы орны жайлы» уағыз әңгімесін.

Қазақ халқы салт-дәстүрге аса бай екені анық. Бірақ кейбір салттардың шығу тарихы беймәлім және қоғамға аса бір пайдасы жоқ, қала берсе әлеуметтік тұрғыдан қиындау салттар да бар. Соның ішінде той жасаудан да жарысып түсетін ағайындар бар. Той болғаны, қуаныштың көп болғаны жақсы әрине, бірақ-та қарызға батып, несие алып жарысқа түсу астамшылық, әрі кейбір отбасын қиын жағдайға қалдырып кетеді. Бұл мәселеде әркім мүмкіншілігіне қарағаны жөн екендігін жеткізді.


Осы күні жұма намазынан кейін жамағат наиб мүфтимен кездесіп, жеке қабылдауында болды. Олардың әртүрлі сауалдарына жауап бере келіп, өзінің сапары да халықпен кездесіп, имамдарға кеңес беру екенін атап өтті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру