Наиб мүфти Бауыржан Есмахан «Науан Хазірет» орталық мешітінде діни өкілдіктің қызметкерлерімен кездесіп, пікір алмасты. Жиналғандар алдында сөз сөйлеп, Мүфтияттың ұстанып отырған негізгі бағыттары жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Жергілікті діни өкілдік төрт бағытта өрбитін тапсырмаларды тиянақты орындауы керек екендігін атап көрсетті.
Сонымен бірге, халал, қажылық және зекет мәселелері жөнінен де мәселе көтерілді. Кездесу барысында наиб мүфтиге сауалдар да қойылды, ұсыныстар да айтылды. Осылардың бәріне ол жан-жақты толымды жауаптар беріп, Мүфтияттың жаңаша жұмыс істеуге бет бұрғанын баса айтты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
NASIHAT.KZ
16.03.2018
3570
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру