Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ІС-САПАРМЕН БОЛДЫ

NASIHAT.KZ 16.03.2018 3719 0 пікір
НАИБ МҮФТИ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ІС-САПАРМЕН БОЛДЫ

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан арнайы жұмыс сапарымен Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласында болып, өңір басшысы Мәлік Мырзалинмен жүздесіп, жергілікті діни ахуалмен танысты.

Одан әрі қала мешіттерін аралап, олардың тыныс-тіршілігіне қанықты. Бір ғасырлық тарихы бар Жақия қажы мешітінде діни насихат жұмысының қалай жолға қойылғанын сұрап, білді. Әсіресе, діни сауат ашу курстарының жай-күйіне назар аударды. Қоғамымызда діни сананы қалыптастыруда мұндай дәріс беру жұмыстарының тиімділігіне баса тоқталды.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен жарияланған биылғы «Ислам және отбасы жылына» орай істеліп жатқан шаралар жөнінде ой бөлісті. Аталған мешіт жанында алдағы уақытта ашылғалы отырған  отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығының кеңсесін аралап көрді. Отбасы құндылықтары ислам қағидаттарымен ұштасатынын, мұның қазақ қоғамы үшін маңызы зор екенін атап көрсетті.

Одан әрі «Нұр», «Ғалым» және «Ықылас» мешіттеріне де ат басын бұрды.

Барлық насихат Әбу Ханифа мазһабы бойынша жүргізіліп,  мешіт имамдары бұған дәнекер болу керектігін тілге тиек етті. Мысалы, жаңадан салынғалы жатқан «Ықылас» мешітінің жобасын көріп, өз тарапынан ойлар қосты. Мешіт – Алланың жердегі үйі, оны қастерлеу әркімнің басты борышы екенін имамдар да, жамағат та қаперде ұстауы тиіс деді ол.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру