Арқалықтағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және Отбасы» жылы аясында «Ислам мәдениетіндегі әйел мәртебесі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Басқосуға қалалық мәслихат хатшысы, Ішкі саясат және Білім бөлімінің мамандары, мектептер мен оқу орындарының тәрбие жөніндегі әдіскер-мұғалімдері, перзентхана, «Ана мен бала» орталығының қызметкерлері, «Ана–дария» мектебінің төрайымы мен мүшелері, Ішкі істер басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы арнайы шақырылды. Жиын Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтта өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырған мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы осы мәселеге байланысты өз ойын ортаға салып, Исламдағы әйелдің орны мен рөлі айрықша екендігін де тілге тиек етті. Бұл басқосуда бейне роликтер көрсетіліп, «Ана – дария» мектебінен келген аяулы жандарға сөз берілді. Қалалық мәслихат хатшысы Г.Төкенқызы қоғамдағы отбасының рөлі, мемлекеттің бала тәрбиесіне деген қамқорлығы жайлы баяндама жасады.
Басқосудың соңында бас имам жанұялардың ұйытқысы болып отырған аналарға ең ізгі тілегін білдіре келіп, оларға «Исламдағы жанұя» атты кітаптарды сыйға тартты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
16.03.2018
3315
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру