Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бір тал кессең, он тал ек…»

Сайрам ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі 16.03.2018 5325 0 пікір
«Бір тал кессең, он тал ек…»

ОҚО Сайрам ауданындағы ауыл мешіттері жамағатының көктемгі сенбілік жұмыстары басталып кетті.

Ардақты пайғамбарымыздың бір хадисінде: 

«Кімде-кім бір ағаш отырғызса, бұл ағаш жеміс бергенге дейін оған қарап қорғаса, бұл ағаштан түскен әрбір жеміс Алла алдында ол адам үшін бір садақа болады» ,- деген.

Тал егу дінімізде сауапты іс екеніне осы хадис дәлел. Пайғамбар сүнетін жаңғырту мақсатында әрі сауапты істің қарымынан құр алақан қалмау үшін Қайнарбұлақ округі, Қасымбек Датқа ауылында «Бағдаулет crib» бөбекжай балабақшасының қызметкерлері «Көмешбұлақ» мешітінің ауласына көгаландыру мақсатында жеміс ағаштарын егуде. Жақсылықта жарысу өз жалғасын тауып Ақсукент ауылы «Дәулет баба» мешіті және Арыс ауылы «Арыс» мешіті жамағаты жол бойындағы арықтарды асарлатып тазалады. Мақсат – халықты таза сумен қамтамасыз ету. Асарға жас-кәрілер бірдей атсалысты. Ал Манкент ауылы «Қорғаншы» мешіті мен Ақсукент ауылы «Ергешбай Нұрлыбайұлы» мешіті жамағаты мешіттің ауласына тазалық және ағаш отырғызды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру