Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бүгін Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтеді

baq.kz 15.03.2018 3210 0 пікір
Бүгін Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтеді

Бүгін Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары кездеседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің кездесу барысында бірқатар келіссөздер жүргізілмек. Келіссөздер барысында өзара конструктивті диалог орнатылып, Орталық Азия өңірлерін дамыту, ынтымақтастықты нығайтуға қатысты мәселелер талқыланады деп жоспарланған.

Ал Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов белгілі себептерге байланысты Астанаға келе алмайтын болды.

Оның орнына кездесуге Мед-жлис төрағасы Акджа Нұрбердыев қатысады.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Қазақстандағы Өзбекстан жылын ресми ашады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру