ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыстық молдаларды оқыту семинары өтті.
Семинардың негізгі мақсаты: Облыстық молдалардың білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру, тәжирбе алмасу. Семинарға қатысушы молдаларға орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің азаншысы Гаджиев Мұхтар «Құран. Тәжуид ережелері», қалалық Айтбай мешітінің найб имамы Отызбаев Қайырбек «Әдеп», орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы «Жаназа және жерлеу рәсімдері» бойынша сабақ беріп, негізгі қағидаларды түсіндірді.
Сондай-ақ, өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы қатысушы молдаларға Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Өзгеруді өзіңнен баста!» бастамасының мақсаты: кез-келген дін қызметкері жамағатты жақсылыққа шақырып, үлгі болу үшін өзгеруді ең алдымен өзінен бастау керектігін екенін түсіндірді.
Бір күндік оқыту семинарына қатысып, білімін жетілдірген молдаларға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлының атынан дайындалған сертификаттар табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
15.03.2018
3312
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру