Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғарышкер А. Айымбетов «Халифа Алтай» мешітінде болды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.03.2018 3946 0 пікір
Ғарышкер А. Айымбетов «Халифа Алтай» мешітінде болды (ФОТО)

Ғарышкер, Қазақстанның «Халық қаһарманы» Айдын Айымбетов

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды. Мәртебелі мейманды ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы қарсы алып, мешітті аралатып таныстырды.

Осыдан соң ғарышкер облыстық және Өскемен қалалық мешіттердің имамдарымен кездесті. Имамдармен мұсылмандық әдеппен амандасып, сөзін Алланың атымен бастаған «Халық қаһарманы» ғарыш сапары туралы, жалпы аспан  әлемі туралы танымдық әңгімелер айтып берді.

«Алдағы уақытта екінші рет ғарышқа ұшу ойыңызда бар ма?» деген сауалға ғарышкер бұйырса, ғарышқа қайта сапар шегу жоспарында бар екендігін жеткізді.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Ортамызға келіп танымдық маңызы зор салиқалы әңгіме айтып бергеніңізге алғыс айтамыз. Ғарышқа ұшқан сіздің ерлігіңіз бен еңбегіңіз ұрпаққа үлгі» дей келе, қасиетті Құран кітабын тарту етті.

Шара соңынан ғарышкер Айдын Айымбетов мешітте кішкентай сәбидің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру