Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА 100 ОТБАСЫҒА ТЕГІН КИІМ-КЕШЕК БЕРІЛДІ (ФОТО)

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 14.03.2018 3548 0 пікір
АЛМАТЫДА 100 ОТБАСЫҒА ТЕГІН КИІМ-КЕШЕК БЕРІЛДІ (ФОТО)

Алматы орталық мешіті «Ислам және отбасы» жылы бастамасына орай «Киім-кешек» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Игі шараға бас имам Еркінбек Шоқай, танымал әнші Ернар Айдар, «Ummet»  қайырымдылық қорының басшысы Мұхаммедәмин Құрманәли қатысып, балаларға сыйлық тарту етті.

Бас имам Еркінбек Шоқай балаларға тәлім-тәрбие жайында уағыз айтып, болашақта елінің патриот азаматтары болуы керектігін түсіндіріп, батасын берді.

«Әр адам иманды да, ибалы болуы керек. Имандылық деген сабырлы болу, дініңді білу, үлкенді сыйлап кішіге қамқор болу. Ең бастысы ата-ананы сыйлау. Бойыңды жаман қылықтардан аулақ салу», – деді кездесуде бас имам Еркінбек Шоқай.

«Мектеп сөмкесі» акциясында Алматы орталық мешіті мен жоғары мəртебелі Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлының тікелей қамқорлығымен, Дін істері жəне азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байзақұлының   бастамасымен  құрылған «Уақып» қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры, «Ummet» қоғамдық қорының демеушілігімен 250 отбасыға көмек көрсетілді. Игі шарада бүлдіршіндерге мектеп сөмкесі мен жаздық киім-кешек тарту етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру