Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өңірлік мешіттермен танысу сапары жалғасуда

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 14.03.2018 5114 0 пікір
Өңірлік мешіттермен танысу сапары жалғасуда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында облысқа қарасты аудан мешіттеріне іс-сапармен жолға шықты.

Аудандық мешіттерді аралау сапары, ең алдымен, Жаңақорған ауданынан бастау алды. Бас имам ауданға қарасты мешіттерді аралау барысында мешіт тазалығын, өңірдегі діни ахуал мен тұрақтылықты бағдарлап, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.  

Сондай-ақ, мешіт имамдары мен молдалардың, мешіт жанашырларының, ақсақалдар мен Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембеттің қатысуымен алқалы жиын өткізді.

Жаңақорған ауданынан соң, Қазалы ауданына табан тіреген өкіл имам аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Дін мен дәстүр егіз ұғым» атты рухани кештің қонағы болды. Қазалы ауданының әкімі Ергешбаев Мұрат мырза бас имамның атқарып жатқан игі істеріне алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Аудандарда өткен алқалы жиындарда Болатбек қажы Ұласқанұлы имамдар мен молдалар жамағаттарымен тығыз байланыс орнатып, көркем мәміледе болуы қажет екенін еске сала отырып, жиынға қатысушы дін қызметкерлерін Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Өзгеруді өзіңнен баста!» бастамасы аясында жамағатқа үлгі болуға шақырды. Биылғы жыл «Ислам және отбасы жылы» болып бекітілгенін ескере келе, алдағы уақытта аталмыш жыл аясында атқарылуы тиіс шаралар мен жоспарларын қайта пысықтады.

Жиын соңында сөз алған аудан ақсақалдары өкіл имамға жаңа бастамаларында сәттілік тілеп, баталарын берді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру