Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

07 Мамыр 2026

20 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚР Президенті Әкімшілігі сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин Нұр-Мүбарак университетіне арнайы келді

nmu.kz 14.03.2018 3878 0 пікір
ҚР Президенті Әкімшілігі сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин Нұр-Мүбарак университетіне арнайы келді

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Шойкин Ғалым бастаған топ ат басын тіреді. Топ құрамында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің басқарма басшысы Мейрам Иманбаев,  Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков мырза да бар.

Университет ректоры, профессор  Жуда Басюни құрметті қонақтарды арнайы қабылдап,  жалпы жағдайларды талқылап өтті. Университеттің тыныс-тіршілігі, болашақ жоспарлары, мемлекеттік дін саясатының білім саласына қатысты  мәселелер сөз болды.

Ғалым Нұрмағамбетұлы ректор қабылдауынан кейін, университет әкімшілігі, ұстаздармен жүздесті. Негізгі мәселе қазіргі мемлекет дамуындағы дін білімі саласындағы өзекті мәселелер, дін мамандарын даярлаудағы түйткілдер талқыланды. ҚР ПӘ Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин мырза:

Біздің негізгі мақсатымыз ел азаматтарының сенім-нанымына құрметпен қарап, еліміздегі дін мәселесінің дұрыс бағытта дамуы, мемлекет саясатына қайшы жат әрекеттерге қарсы біліммен тойтарыс беру арқылы, саналы да салиқалы қоғам үшін қызмет ету ,-деді.

Университет әкімшілігі мен ұстаздар тарапынан озық елдердегі әріптес оқу орындарындағы айырмашылықтар мен озық үлгілерді мысалға ала отырып, еліміздің дамуында пайдалы тәжірибелер де талқыланып өтті.  Университет өкілдерін мұқият тыңдай отырып, Ғалым Нұрмағанбетұлы мемлекет дамуында, дінге қатысты саяси ұстанымдармен зайырлы қоғам тетіктерін түйістіруге мамандардың қажеттігі қашанда өзекті екендігіне тоқталды.

Еліміздегі жалғыз ислами жоғары оқу орны ретінде Нұр-Мүбарак университетінің тыныс-тіршілігі мен даму әлеуеті әрқашан мемлекет назарында екендігін атап өтіп, университет басшылығы мен ұжымына алғысын айтып, зор сенімін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру