Бүгін Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, ел- жұртқа игі істің өнегесін көрсетті.
Алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы: «Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет "Ислам жəне отбасы жылы" деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты - жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде", - деді.
Мешіт ақсақалы мен мұқтаж жандар жас жұбайларға ақ баталарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірді.
Жас жұбайлар "Жүрек жылуы" қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді. Жиғанын желге емес, сауапқа жұмсаған жастарға бақыт тілестік. Алла қабыл етсін!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің баспасөз қызметі
13.03.2018
4382
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру