Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жас келсе іске!

Нұрлан САМАТҰЛЫ 09.03.2018 3318 0 пікір
Жас келсе іске!

Алла Тағалаға сансыз мадақтар мен шүкірлер, Әз -пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлеметтер, бір-бірімізге ізет-құрмет болғай. Қазақ елі тәуелсіз ел атанып, Алланың аты ұлықталып, ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау  Шайқымұлы облыстық орталық мешітінде болып, Ақжайық жұртына өкіл имам Еркебұлан Қарақұловты таныстырғаны ел жанында.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Ыбрайымұлы ең алғашқы уағыз- насихатын қасиетті жұма күні облыстық орталық мешітінде бастап, дінбасымыздың 2018 жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жариялауына орай «Салиқалы әйелдің сипаты» жайында уағыз айтып, нәзік жандыларды сыйлауға, аналарымызды құрметтеуге шақырды.

Мешіттің жамағаттары өкіл имам Еркебұлан Ыбрайымұлына ризашылықтарын білдіріп, алдағы істеріне де сәттілік тіледі. Облыстық орталық мешіттің жанындағы «Ақсақалдар» алқасының мүшесі Қадырғали Қарағойшиев жамағатқа батасын берді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру