Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: «Ибалы келін, Инабатты қыз, Аяулы ана» шарасы (ФОТО)

 Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 09.03.2018 5009 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: «Ибалы келін, Инабатты қыз, Аяулы ана» шарасы (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша əйел-қыздар секторы әрқашан игі шаралардың бастамашысы болып келеді.  

Маңғыстау облыстық орталық мешіті жанындағы сауат ашу курсында білім алып жүрген қыз-келіншектер мен мешіт жамағатындағы әжелердің қатысуымен «Ибалы келін, Инабатты қыз, Аяулы ана» тақырыбында тəрбиелік сабақ өтті.

Ақ жаулығын жамылған әжелер болашақ аналарға ақыл кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Келген қонақтарға арнайы дастархан жайылып, ұстаз Гаухар Джумагалиева тәрбиелік мәні бар тақырыптарға тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Өз білімдерін ортаға салып, тәжірибе алмасқан шәкірттер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Шара соңында қатысушылардың баршасына мешіт ұстаздары тарапынан сыйлықтар үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру