Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имамның «Неке және отбасы» тақырыбындағы уағыз-насихаты жалғасуда (ФОТО)

 Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 09.03.2018 3980 0 пікір
Бас имамның «Неке және отбасы»  тақырыбындағы уағыз-насихаты жалғасуда (ФОТО)

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың «Неке және отбасы»  тақырыбындағы уағыз-насихаты жалғасуда.

Орталық «Иманғали» мешітіне намазға жиналған жастарға өкіл имам бұл жолы некелесудің негізгі шарттары туралы әңгімеледі. «Некенің өзіндік парызы мен шарттары бар. Олар некенің толық болуы үшін өте маңызды. Некенің парызы екеу, оны рүкін деп атайды. Бірінші, ұсыныс. Ердің не әйелдің аузынан шығатын үйлену сөзі. Мұны шариғатта ижаб дейді. Екінші, қабыл алу. Біріншісінің үйлену жөніндегі ұсынысын екіншісінің құп алуы. Мұны шариғатта қабул дейді. Мысалы, жігіт қызға «маған тұрмысқа шық» десе, бұл алғашқы айтылып тұрғандықтан ұсыныс – ижаб, ал қыз «шығамын» деп разылығын білдірсе екінші айтылып тұрғандықтан қабыл алу – қабул болып саналады. Үйленуде екі жақтың разылығы керек, мұнсыз неке жүзеге аспайды» деген Батыржан қажы Берденұлы мұсылмандық жолмен мешіт үйінде неке қиюмен бірге, некенің ресми түрде АХАЖ бөлімдерінде тіркелуі міндетті екендігін еске салды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру