Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы  аруларды мерекелерімен құттықтады (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 08.03.2018 3092 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы  аруларды мерекелерімен құттықтады (ФОТО)

Көктемнің алғашқы мерекесінде Нұр-Мүбарак университеті гүлге оранды. Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, университет басшылығы барлық нәзік жанды қызметкерлерді құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.

Ректор, профессор Жуда Басюни: «Бір қызды тәрбиелесең, бір үммет тәрбиелегенмен бірдей. Біздің дінімізде Ананың, қыз баланың, әйел адамның орны ерекше. Оны қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен, дініміздің тарихынан анық көруге болады. Сондықтан осылай ерекше мәртебеге лайықты болған құрметті аналар, аяулы қыз-келіншектер әрдайым сіздерге Алланың сәлемі мен мейірімін тілейміз», - деп ұжымдағы орамалдыларға ғана емес, күллі әйел қауымына құрметін білдірді.

Ал ректордың сөзін жалғастырған проректор, профессор Шамшәдин Керім:

«Тәуелсіз қазақ елінің өмірінде әйелдердің орны ерекше. Себебі кешегі Кеңес кезеңіндегі аналарымыздың ерлігін айтпағанда, бүгінде ел дамуында әпке-қарындастарымыздың қосып жатқан үлесі өлшеусіз. Тиісінше статистикалық мәліметтерге қарағанда, сыбайлас жемқорлық, коррупция бойынша әйелдер көбіне таза болып келеді екен. Сондықтан қазақ елінің болашағына қосқан үлестеріңіз жемісті, отбасында, қоғамда мерейлеріңіз үстем болсын!», - деп қазақ әйелінің қашанда арқалаған аманаты салмақты екендігін еске салды.

Салтанатты жиынға қатысушылардың барлығына хош иісті гүл ұсынылып, сыйақы берілді.

Университеттің нәзік жандар қауымы да басшылықтың үнемі қамқорлық жасап, құрмет көрсетулеріне риясыз ризашылықтарын аңғартып жатты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру