Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам қалалық мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 08.03.2018 3814 0 пікір
Өкіл имам қалалық мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты (ФОТО)

Жақында ғана Қызылорда облысына өкіл имам болып тағайындалған Бас имам Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың аманатымен тапсырылған жауапкершілігі мол қызметіне кірісіп кетті.

Бүгінде, Бас имам өңіріміздегі діни ахуалды одан сайын жақсарту мақсатында  өңір халқына жаңа серпін беру үшін, ең алдымен  мешіт пен оның келушілері арасындағы байланыстың нығаюы маңызды екенін басты назарға алған.

Осыған орай, өкіл имам Қызылорда облысындағы мешіттермен жеке-жеке танысу мақсатында қалалық мешіттерді аралаудан бастады.

Бас имам мешіттерді аралау барысында тыныс-тіршілігімен, мешіт ауласы мен дәретхана тазалығымен, сабақтардың жоспарлы түрде өткізілу кестесімен  танысып, әр мешіттің жамағатымен жеке-жеке кездесті. Мешіт жамағаттарымен бір сапта бесін намазын бірге оқып, «Жамағаттың ауызбіршілігі, діни ахуалдың тұрақтылығы» турасында насихат айтты.

«Мешіт – ең алдымен Алланың үйі! Бұл жерде құлшылық жасалып қана қоймай, тәрбие мен білім мектебі  де өзара үйлесімділік табуы тиіс» деген бас имам мешіт қызметкерлері мен жамағатына өңіріміздің діни ахуалының тұрақтылығын сақтауда қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді. Келешекте де, дәстүрлі дінімізді насихаттауда бірлесе жұмыс жасауды ұсынды. Өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу сапары бұнымен тоқтамайтынын жеткізді.

Өз кезегінде, мешіт жамағаттары көкейтесті сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру