Көктем мерекесіне орай Алматы қаласынан «Харекет» қайырымдылық қорының жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлы Ақжайық еліне арнайы сапармен келді.
2009 жылы өкпенің қатерлі дертіне шалдығып, жұмысқа жарамсыз болып қалған бес баланың анасы Толқын Исатайқызына «Харекет» қайырымдылық қоры үйдің кілтін табыстады.
Пәтерден-пәтерге көшіп шаршаған жанды «Харекет» қайырымдылық қоры шаттыққа бөледі. Қордың құрылғанына алты ай болса да еліміз бойынша үшінші үйдің кілтін табыстап отыр. Мейірімді, иманды, қайырымды жандардың көмегімен Толқын Исатайқызы Зеленов ауданы, Озерный ауылынан кең үйге қол жеткізді.
Қордың жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлы осылай қазақтың «Жылу» сынды ескі дәстүрі жаңғыртпақ ниетте екенін жеткізді. Ал, елге танымал «Өнер қырандары» театрының ұжымы да «Харакет» қоры ашылғалы бері ақпараттық қолдау көрсетіп келеді.
Игі шарада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Еркебұлан Қарақұлов сөз алып, Толқын Исатайқызын баспаналы болуымен құттықтап, Харекет» қайырымдылық қорының жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлына шексіз алғысын білдіріп, «Алғыс» хатпен марапаттаса, "Əйелдер-қыздар" секторының меңгерушісі Гүлжамила Ахметова жаңа үйге шашу шашып, Толқын апамызға сыйлықтарды табыстады. Мешіт жамағаттары жиһаз бұйымдарын сыйлады.
Қиыншылық уақыттарында облыстық орталық мешітінің ұжымы мен жамағаттары, «Патриот» клубының мүшелері Толқын Исатайқызына қаржылай, азық-түлікпен, киім-кешекпен көмектесіп келген болатын.
Игі шарада атсалысқан иманды, қайырымды жандарға алла разы болып, екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
www.muftyat.kz
08.03.2018
9406
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру