ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің «әйел-қыздар» секторымен «Зере Ана» қайырымдылық қоры Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде аналарға ақ дастархан жайып, құрмет көрсетті.
Алқалы басқосуға елге еңбегі сіңген ардақты апалармен бірге көпбалалы аналар қатысты.
Жиында ананы сыйлау, асыл дініміз исламдағы әйел мәртебесі жайлы тағылымдық маңызы зор құнды насихаттар айтылды. Ақ дастархан басында аналарға ақжарма тілектер жолданды.
Басқосуда «Ақжаулықты аналарымыз берекенің ұйтқысы. Қазақ тарихында аналарымыз ар мен иманның бастауы болып келген. Аналар барлық құрметке лайық. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз, ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбектеріңіз ұрпаққа үлгі» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар жиында аналарға сыйлықтар ұсынылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
07.03.2018
3118
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру