Бүгін Алматы қаласының бас имам Еркінбек Шоқайдың ұйымдастыруымен әйел ұстаздардың жиналысы өтті. Мәжіліске орталық мешіттің наиб имамдары мен қала мешіттерінің әйел ұстаздары қатысып, алдағы атқаратын жоспарларын талқылады.
Наиб имам Жорабай Ақбердіұлы, ұстаз Талғат Сапанов және әйел-қыздар секторының өкілі Маржан Оразанбайқызының жетекшілігімен өткен мәжілісте діни сауат ашу курсы, үгіт-насихат, жат ағыммен жұмыс, ислам және отбасы жылына байланысты ұйымдастырылатын шаралардың жоспары т.б. бағыттар бойынша жұмыс барысы талқыланды.
Шара соңында Жорабай Ақбердіұлы мен Талғат Сапанов әйел ұстаздарға тілектер айтып, мерекелік сыйлықтарын тарту етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
07.03.2018
3483
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру