Бүгінгі қоғамда әдептілік пен инабаттылық, имандылық пен парасаттылық өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылынуында отбасының маңызы өте зор. Осы аталған мәселеге қатысты 2018 жыл ақпан айының 26 жұлдызында Астана қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің төрағалығымен өткен кезекті хаттамалық жиналыста биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметі аясында 2018 жыл-«Ислам және отбасы» жылы деп атауы туралы ұсыныс бірауыздан бекітілді.
Осы тапсырма аясында «Алатау» мейрамханасында «Неке және отбасы» атты танымдық-рухани жиын ұйымдастырылды. Алғы сөзді Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы отбасы – адам баласының алтын діңгегі екенін баяндап, «Ананы құрметтеу-имандылықтың белгісі» атты тақырыпта уағыз-насихатын айтып, жиналған әйелдер қауымына Алладан жақсылық пен береке тіледі. Ұлағатты жиын барысында тартымды күй-термелер тербеліп, ғибратты сахналық қойылымдар қойылып, сыйлықтар үйлестірілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
07.03.2018
3450
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру