Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы «Елбасы бастамасы – жаңа белестердің жолбасшысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш шара үстіміздегі жылдың 5 наурызында Елбасының Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жасаған баяндамасының мәні мен маңызын талдап-түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелді Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филол.ғ.к. Әбдірәсілқызы Айнұр жүргізді. А.Әбдірәсілқызы Елбасы бастамаларындағы бүгінгі қоғам үшін маңызы зор әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, олардың дер кезінде жасалып отырған іргелі қадамдар екеніне тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында сөз алған ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетінің Діни экстремизмге қарсы күрес және оңалту басқармасының басшысы Бакиров Бауыржан Жәлелұлы Елбасы бастамаларының әсіресе жаңа буын жастар үшін айрықша тиімді екеніне тоқталса, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Яссауитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, теол.ғ.д. Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы мемлекеттік саясатта әлеуметтік қабаттарға емес, тұлға санасына назар аударыла бастағанын елеулі жетістік ретінде атап өтті.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің Дінтану кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.к., ҒЗТО жетекші ғылыми қызметкеріТышхан Кеңшілік қоғам мүшелері үшін әлеуметтік жағдайдың бірінші орында тұратынын жан-жақты негіздей келіп, Елбасы көтерген әлеуметтік бастамалардың орындалуы дін саласында да келеңсіз құбылыстар көрсеткішінің төмендеуіне мүмкіндік беретінін тұжырымдады.
Шара барысында «Терроризмге қарсы комитет» ҚБ төрағасы Оразбаев Аманжол Зейноллаұлы, «Ұлағат» мәдениет және даму қорының төрайымы Жұмақасова Қамажан Ғабдрашқызы, «Төртінші билік» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Балтабаев Төлемырза Темірбекұлы, тағы басқа білікті мамандар баяндама жасап, Елбасы ұсынған әлеуметтік шешімдердің жастарды жат пиғылдағы ағымдардан сақтаудың негізгі құралы, ал әлеуметтік тұрақтылықтың ішкі бірлікке бастар жол екенін жан-жақты қырынан талдап көрсетті. Қатысушылар Елбасы бастамаларын қоғамдық ортада кеңінен талқылап-түсіндірудің айрықша маңыздылығына назар аударды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
07.03.2018
3453
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру