Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық имамдары Бас мүфтидің үндеуіне үн қосты (ФОТО)

 Нұрлан САМАТҰЛЫ 07.03.2018 3302 0 пікір
Ақжайық имамдары Бас мүфтидің үндеуіне үн қосты (ФОТО)

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов қала, аудан имам-молдаларына арнап дөңгелек үстел өткізді.

Хазіретіміз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:«Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді». Жаңа қызметімде дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды», – деп айтқаны баршамызға аян.

Дөңгелек үстел барысында өкіл имам Еркебұлан Ыбрайымұлы сөз алып, жиналған қала, аудан имамдарына өзін таныстырып, имандылық жолында игі шараларды бірлесе атқаруға шақырды.

«Мен бұл арқылы сіздерді, имамдарды ата дініміз Исламның талап-тыйымдарын, этикалық нормаларын сақтап, пайғамбардың, сахабалардың сара жолымен жүруге және осыны өмірлеріңіздің басты принципіне айналдыруға шақырамын». – деді.

Ақжайық имамдары бұл бастаманы қолдайтындықтарын жеткізіп, бүгінгі қоғамда имамның көпке үлгі болуы маңызды екендігін бір ауыздан құптады.

«Өзгеруді өзіңнен баста» тақырыбы аясында қала, аудан мешіттерінде игі шара өз жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру